Грекияда бүгін жалпыұлттық ереуіл басталды. 48 сағатқа жалғасатын ереуіл кезінде ұшақ қатынасы, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды, елдегі мекемелердің түгел дерлігі, ауруханалар, мектептер, дүкендер жұмысын доғарды.
Кәсіподақтар үкіметтің салықты ұлғайтып, мемлекеттік және әлеуметтік салаларға шығынды барынша қысқартып, бюджет қаржысын қатаң үнемдеуге бағытталған жаңа шараларына осылайша қарсылық білдіріп жатыр.
Борыш дағдарысына белшеден батқан Грекия үкіметі халықаралық қауымдастықтан кезекті қаржылай жәрдем алу үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр. Бұл шаралар бейсенбі күні парламентте қаралмақ. Грекия премьер-министрі Георгий Папандреу сейсенбі күні кешке билеуші партиядан сайланған депутаттарды үкімет шараларын қолдауға шақырып, елдегі ахуалды соғыс уақытындағы жағдаймен салыстырған еді.
Қазір ел астанасы Афина көшелеріне қосымша полиция күштері шығарылып, парламентке баратын негізгі жолға бөгет қойылды. Қала орталығында метроның екі бекеті жабық тұр.