АҚШ азаматтарының басым көпшілігі ел президентін жалпыға бірдей сайлауда төте жолмен сайланғанын қолдайды деген қортынды жасайды осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген Гэллап институты.
Зерттеу қортындысына сәйкес, АҚШ азаматарының 62% қазіргі Конституцияға ел президентін жалпыға бірдей сайлауда төте дауыс беру арқылы сайлау туралы өзгеріс енгізуді қолдаған.
Ал зерттеуге қатысқандардың 35% президент сайлауын қазіргідей сайлаушылар алқасына қалдыруды жөн санайтындықтарын білдірген.
Гэллап институы осы тақырыпқа алғашқы зерттеуін бұдан 11 жыл бұрын - 2000 жылы АҚШ-та президент сайлау өтісімен іле-шала жүргізген еді.
"Ол кезде сайлаушылардың берген дауыс саны бойынша демократиялық партияның үміткері Альберт Гор республикалық партиядан түскен Джордж Буштан асып түскені, бірақ жеңіске Флорида штатындағы 25 дауыс берушінің қолдауына ие болған кандидаттың жететіні анық болған еді", - деп жазады зерттеу авторлары.
АҚШ-тың президенттік сайлау жүйесінде жеңімпаз - қатардағы сайлаушылардың жалпы дауысымен емес, солардың мүддесін білдіретін іріктелген адамдардан құралған сайлаушылар алқасында қанша дауыс алғанымен анықталады.