Accessibility links

НАТО бас хатшысы Грузияның ұйымға әлі мүше бола алмайтынын айтты


НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен (оң жақта) мен Грузия парламентінің спикері Давид Бакрадзе. Тбилиси. 10 қараша, 2011 жыл.
НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен (оң жақта) мен Грузия парламентінің спикері Давид Бакрадзе. Тбилиси. 10 қараша, 2011 жыл.
НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен "Грузия осы ұйымға толықтай мүше болып кіруі үшін ары қарай да реформалар жүргізуі керек" деді.

Бас хатшы бұл пікірді НАТО мен Грузия комиссияларының Тбилисидегі жиынында білдірді. Оның айтуынша, "Грузия НАТО құрамына кіруге жақын, бірақ әлі де атқарар міндеттері көп".

Ауғанстанда бейбітшілікті сақтау үшін Грузия 900-ден астам жауынгерін жіберген. Ауғанстанға әскер жіберген, НАТО құрамына кірмейтін елдердің ішінде Грузия әскер саны бойынша екінші орында тұр.

НАТО 2008 жылы "Грузия Ресейдің қарсылығына қарамастан түбі әскери ұйымға кіреді" деген еді. Сол жылы Ресей мен Грузияның қарулы күштері Грузияның даулы аймақтарында қақтығысып қалған болатын
XS
SM
MD
LG