Мәскеу полициясы Ресейден тәжікстандық еңбек мигранттарын қуып жатқанына наразылық танытып, көшеге шыққан бес адамды қамауға алды. Олар бейсенбі күні кешкісін Мәскеудегі көші-қон қызметі жанына келіп, «Мен тәжікпін – елден шығар» деп ереуілдеген.
Наразылық шарасына шыққандардың біразы еңбек мигранттарының жұмысына айналған көші-қон қызметі ғимаратының терезесін жуып, көшеге қарайтын ауласын сыпырған.
"Интерфакс" агенттігі атын атамаған полиция қызметкеріне сілтеме жасап, қамалған бес адам этникалық тәжік емес, анархиялық қозғалыс мүшелері екенін айтқан.
Ресей осы айдың басында тәжік мигранттарын елден шығара бастаған. Оны кейбіреулер тәжік үкіметінің ресейлік ұшқыштарды түрмеге жапқанымен байланыстырып, бұл Мәскеудің кек қайтаруы деген. Тәжікстанда ұсталып, түрмеге жабылған ол ұшқыштар кейін рахымшылық алып, босатылған.