Оңтүстік Африкада климаттың өзгеруі мәселелері бойынша өтіп жатқан халықаралық конференцияда 194 елдің өкілдері ауаны ластайтын газ мөлшеріне бақылау жасайтын әлемдік жаңа келісім түзу келіссөздерін бастаймыз деп мәмлелесті.Жаңа келісім 2020 жылы күшіне енеді және ол барлық мемлекеттер үшін міндетті болмақ.
Қазіргі қолданыстағы 1997 жылы қабылданған Киото хаттамасы өндірісі дамыған елдер үшін ғана міндетті болып келді.
Киото хаттамасы бойынша алынған міндеттемелердің мерзімі алдағы жылы аяқталады, дегенмен Дурбанда оның күшін тағы бес жылға созуға келісім жасалды.