Accessibility links

Ақтауда 400-дей адам наразылық танытып тұр


Ақтаудың орталық алаңына жиналған наразылық танытушылар. 19 желтоқсан 2011 жыл.
Ақтаудың орталық алаңына жиналған наразылық танытушылар. 19 желтоқсан 2011 жыл.
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының орталығындағы "Ынтымақ" алаңында шамамен 400-дей адам наразылық танытып, Жаңаөзен қаласынан әскерді шығаруды талап етіп тұр деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Алаңдағы халықты 100 шақты полицей сырттай бақылап тұр. Оған қоса алаңда үлкен төрт полиция автобусы бар. Кеше түнде тарап кеткен наразылық танытушылар бүгін жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 10-да қайта жиналған. Әзірге ешқандай белсенді қимыл жоқ.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 14 адамның қаза болғаны расталды. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG