Accessibility links

Ақтау: мұнайшылар жиналып жатыр


Ақтаудың орталық алаңына жиналған наразы тұрғындар. 19 желтоқсан 2011 жыл.
Ақтаудың орталық алаңына жиналған наразы тұрғындар. 19 желтоқсан 2011 жыл.
Бүгін Ақтауда мұнайшылар «Қаражанбасмұнайгаз» компаниясы ғимаратының алдына жиналып жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сондай-ақ қазір «Ынтымақ» алаңында бірнеше адам жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау білдіріп жиналған. Тілшінің айтуынша, алаңды полиция жасағы бұрынғыдай қоршап тұр.

Ақтауда 16 желтоқсаннан бері халық жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау көрсетіп, ондағы биліктің әрекетін айыптап алаңға жиналып жүр. Әзірге күнделікті жиындар бейбіт өтіп келеді.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күнгі оқиғада 15 адамның қаза болғаны расталды. Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп, Шетпе станциясында теміржолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атып, 1 адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG