Татарстан парламентінің депутаты Рафаил Хакимов Татарстан Ресейдегі қазіргі саяси жағдайды өзінің егемендігін нығайтуға ұтымды пайдалану қажет деп мәлімдеді.
Татарстанның бұрынғы президенті Минтемир Шаймиевтің кеңесшісі, татарлардың егемендігін алу жолындағы басты идеоологы Рафаил Хакимов Ресейде жаппай өтіп жатқан демонстрациялар "Татарстан республикасының егемендігін нығайтуға тамаша мүмкіндік береді" деді.
Хакимов Ресейде халық парламент сайлауына наразылық танытып, жаппай шерулер өткізіп жатқандықтан Ресей басшылығы саяси реформалар жасау керек деп санайды. 1990 жылдардың басында Минтемир Шаймиевтің саяси кеңесшісі ретінде Ресейде Татарстанның мәртебесіне қатысты Мәскеу мен Қазан арасындағы келіссөздерге қатысқан Хакимов қазіргі кезді Татарстанның егемендігі үшін күрескен 1990 жылдармен салыстырады.
Ресейдегі шерулерге түрлі партиялар, оның ішінде аз ұлттарға жаулық көзқарастағы әсіреұлтшыл қозғалыстар қатысып жатқандықтан, кейбір татар қозғалыстарының жетекшілері өз белсенділерін бұл шерулерге қатыспауға шақырған. Бірақ Хакимов татар белсенділері Ресейдегі бұл демократиялық шерулерге қатысып, демократия үшін күресулері керек деп санайды.
Татарстанның негізгі заңында егемендік Татарстанның "ажырағысыз сапалық мәртебесі" ретінде қарастырылады. Татарстан кейбір жағдайларда болмаса, көп ретте мемлекет билігінен (Ресей федерациясы) егемен болып табылады.