Accessibility links

Прокурор Мүбәрәкке өлім жазасын сұрады


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәкты Каир сотына зембілге салып әкелді. Каир, 5 қаңтар 2012 жыл.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәкты Каир сотына зембілге салып әкелді. Каир, 5 қаңтар 2012 жыл.
Египеттің бұрынғы президенті, 83 жастағы Хосни Мүбәрәктың сотын қарап жатқан прокурор оған өлім жазасын беруді сұрады. Прокурор Мұстафа Хатир сотқа "заңда қасақана кісі өлтіргені үшін өлім жазасын кесу қарастырылғанын" айтты.

Үш күндік сот отырысын қорытындылай келе елдің бас прокуроры Мұстафа Сүлеймен "мәселе тек Мүбәрәктың демонстранттарды атуға бұйрық берген, бермегендігендігін білу ғана емес, не себепті оның зорлық-зомбылықты тоқтатуға ықпал етпегендігін де анықтауда болып тұр" деді.

Өткен жылдың тамызында биліктен тайдырылған Мүбәрәк пен оның режимі тұсындағы бірнеше шенеунікке қарсы сот басталып, оған билікке қарсы шерулерде демонстранттарға оқ атқызды деп айып тағылған.
XS
SM
MD
LG