Accessibility links

Wikipedia АҚШ-тың интернетті шектеуіне наразы


Wikipedia веб-сайтының интернеттегі беті.
Wikipedia веб-сайтының интернеттегі беті.
Wikipedia қоры АҚШ конгресінде қарауда жатқан заң жобасына наразылық ретінде өзінің ағылшын тіліндегі веб-сайтын қаңтардың 18-і күні 24 сағатқа жабатынын мәлімдеді.

Wikipedia қоры "егер заң жобасы қабылданар болса, онда интернетке шектеу қойылып, билік АҚШ аумағында қызмет ететін халықаралық веб-сайттарға жаңа цензура қоюға мүмкіндік алады дейді. АҚШ-тың өкілдер палатасында қарауда жатқан интернеттегі өнімдерді заңсыз саудалауды тоқтату туралы және сенаттың қарауындағы интеллектуалдық мүлікті қорғау туралы заң жобалары бойынша, АҚШ-тан заңсыз жолмен алынған интернет өнімдерін сатуға тыйым салынбақ.

Заң жобасына қарсылар мұның жоғары технологиялар индустриясына зиян келтіріп, сөз бостандығын шектейтінін айтады. Ал заңды қолдайтын фильмдер мен музыкалық өнімдерді таратып, сатумен айналысатын компаниялар өз өнімдерінің заңсыз жолмен таралуынан шығынға бататындарын алға тартады

Wikipedia әлемде адамдар қызметін ең көп пайдаланатын он веб-сайттың қатарында тұр. Веб-сайтқа күн сайын ондаған миллион адам кіреді.
XS
SM
MD
LG