Accessibility links

Ресей бас дәрігері шеруге шықпауға шақырды


Ресейдің санитарлық бас дәрігері Геннадий Онищенко.
Ресейдің санитарлық бас дәрігері Геннадий Онищенко.
Ресейдің санитарлық бас дәрігері Геннадий Онищенко ресейліктерді 4 ақпанда оппозиция өткізетін наразылық шерулеріне, реті келсе, бармауға шақырды. Оның айтуынша, "ол күні аяз қатты болатындықтан, шеруге шыққандардың денсаулығына зиян келуі мүмкін".

Онищенко болжам бойынша сенбі күні -18 градус аяз болатынын, егер ол болжам рас болса, "азаматтарға шеруге шығудан үзілді-кесілді бас тартуға шақыратынын" айтқан. Ол сонымен қатар "шеруге барғысы келетіндерге ыстық шәй мен сусынның да пайдасы жоғын" айтқан.
XS
SM
MD
LG