Accessibility links

Козловтың әйелі азаматтық құқықтарын талап етті


Владимир КОзловтың әйелі Әлия Тұрысбекова.
Владимир КОзловтың әйелі Әлия Тұрысбекова.
Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова бүгін Алматыда баспасөз жиынын өткізіп, құқық қорғау органдарынан күйеуі мен өзінің азаматтық құқықтарының орындалуын талап етті.

Баспасөз хабарламасында Тұрысбекова күйеуін қамауда ұстап отырған ҰҚК тергеушілерінің күйеуімен кездесуге, киім мен тамақ әкелуге рұқсат бермей отырғанын алға тартады.

Әлия Тұрысбекова адвокаттың күйеуімен еш кедергісіз, оңаша сөйлесе алмайтынын да айтқан.

Қаңтардың 26-сы күні Алматы қаласының Алмалы аудандық соты тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловты "әлеуметтік араздық туғызды" деген айыппен екі ай қамауға алу туралы шешім шығарған.
XS
SM
MD
LG