Accessibility links

Тунисте Сирияға қатысты жиын басталады


Камышлы қаласында қаза тапқан күрд оппозиционері Насер Алдин Беркахты жерлеуге жиналған демонстранттар. Сирия, 22 ақпан 2012 жыл.
Камышлы қаласында қаза тапқан күрд оппозиционері Насер Алдин Беркахты жерлеуге жиналған демонстранттар. Сирия, 22 ақпан 2012 жыл.
Тунисте жұмада Сирия дағдарысын реттеуге арналған "Сирияның достары" деп аталатын конференция басталады.

Конференция Башар әл-Асад режимінің оппозицияны қудалауын тоқтатуға күш салып жатқан Араб лигасының бастамасымен өтпек.

Конференцияға 70-тен астам елдің өкілдері қатысады. Олардың арасында АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Түркия бар. Кейбір деректерге қарағанда, жиында президент Башар әл-Асадқа қақтығысты дереу тоқтатып, шабуылға ұшыраған Хомс сияқты қалаларға гуманитарлық көмек жеткізуге жағдай жасауға ультиматум қойылмақ.

Ресей мен Қытай жиынға қатысудан бас артты. Олар Батыс елдері мен араб мемлекеттерінің Сирияға қатысты ұстанымы мен қарары біржақты деп санайды.

Сириядағы адам құқықтарын қорғау ұйымдарының мәліметінше, бейсенбіде елде қақтығыстардан 90-нан астам адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG