Accessibility links

Малиде әскери төңкеріс болды


Мали президенті Амаду Тумани Туре. 29 қараша 2011 жыл.
Мали президенті Амаду Тумани Туре. 29 қараша 2011 жыл.
Африканың батысындағы Мали мемлекетінде әскери төңкеріс болды. Бүлік шығарған әскерилер ел астанасы Бамакодағы президент сарайы мен үкіметтік ғимараттардың көбін басып алды.

Телеарнадан сөйлеген әскерилер өкілінің айтуынша, бүлікке себеп болған - елдің солтүстігіндегі ереуілші туарегтермен күресіп жатқан армияны керек-жарақпен қамтамасыз ете алмаған биліктің қырсыздығы.

Әскерилер құрған Демократияны қалпына келтіру жөніндегі ұлттық комитеттің басшысы капитан Амаду Саного елде коменданттық сағат енгізілгенін жариялады.

Мали президенті Амаду Тумани Туренің қайда екенін белгісіз. Бірақ оның өкілі президенттің қауіпсіз жерде екенін айтады. Екі рет президент болып сайланған Тумани Туре алдағы сәуір айында қызметінен кетуі керек болатын.
XS
SM
MD
LG