Accessibility links

Өкіл: Дамаск Аннанның жоспарын қабылдады


Кофи Аннан, БҰҰ-Араб лигасының Сирия дағдарысы бойынша арнайы уәкілі. Мәскеу, 26 наурыз 2012 жыл
Кофи Аннан, БҰҰ-Араб лигасының Сирия дағдарысы бойынша арнайы уәкілі. Мәскеу, 26 наурыз 2012 жыл
БҰҰ мен Араб лигасының Сирия дағдарысы бойынша арнайы уәкілі Кофи Аннанның Женевадағы өкілі Дамаск қақтығысты тоқтату туралы Ананның жоспарын қабылдады деп мәлімдеді.

Ахмад Фаузи есімді өкіл 27 наурыз күні жариялаған мәліметке сәйкес Сирия үкіметі Аннанға оның жоспарын қабыл алатыны туралы хат жіберген. Аннанның жоспары қантөгісті дереу тоқтатуға, қоршауда қалған аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізуге, үкімет пен оппозицияның арасында келіссөздер бастауға шақырады.

Аннанның жоспарын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері қолдап шықты. Мұның алдында Ресей мен Қытай Сириядағы саяси режимді айыптайтын Қауіпсіздік кеңесінің екі қарарына қарсы шыққан болатын. БҰҰ-ның есебі бойынша соңғы бір жыл бойы Башар Асадтың режиміне қарсы көтерілген халық толқуы кезінде 8 мың адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG