Accessibility links

Шығыс Тиморда президент сайлауы өтеді


Шығыс Тиморда дүйсенбіде президент сайлауының екінші кезеңі өтеді. 18 наурызда өткен алғашқы кезеңде елдің қазіргі президенті Жозе Рамуш-Орта жеңіліп қалған болатын.

Екінші кезеңде президенттікке "Шығыс Тимордың тәуелсіздігі үшін революциялық майданы" партиясының жетекшісі Франсиско Гутерриш пен бұрынғы қорғаныс министрі Жозе Мария де Васконселуш түседі. Екі саясаткер де 2002 жылы Шығыс Тимордың Индонезиядан тәуелсіздік алу жолындағы күресіне белсене қатысқан болатын.
XS
SM
MD
LG