БҰҰ мамырдың соңына қарай Сирияға 300 бақылаушы жіберетін болды. БҰҰ-ның бейбітшілік орнату операциялары департаментінің басшысы Эрве Ладсудың айтуынша, қазір Сирияда 24 бейбітшілік орнату департаментінің өкілі мен 150 бақылаушы бар. Олар 12 сәуірде күшіне енген қақтығысты тоқтату туралы келісімнің қалай орындалып жатқанын бақылап жүр.
Ладсудың сөзіне қарағанда, бақылаушылар Сирия үкіметінің әскері мен көтерілісшілер тарапынан да ара-тұра келісімді бұзу әрекеттері байқалып отырғанын айтады.
Бұған дейін бақылаушылар жұма күні (бұл күні мұсылмандар жұма намазына жиналады) бақылау жасамайтындары үшін сынға ұшыраған еді. Осыған байланысты Эрве Ладсу бақылаушылардың қақтығысты тоқтату үшін күндіз, тіпті түнде де жұмыс істейтінін айтты.