Бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына арналған монументке гүл қойып, соғыс ардагерлерін жеңіс күнімен құттықтады.
«Бүгін - ұлы күн, ұлы мереке. 1945 жылы фашистік Германияны жеңгенімізге 67 жыл. Уақыт өткен сайын адамзат тарихының осы қайғылы беттерін барынша терең түсіне түсесің. Бүкіл әлем 50 миллионнан астам адамынан айырылды. Оның ішінде Қазақстаннан 1 миллион 800 мың адам майданға аттанып, шамамен жартысы қайтып оралған жоқ» дейді Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев «ардагерлерге тек материалдық көмек қана емес, қамқорлық көрсету, қарапайым адами назар аудару - ең басты мәселе екенін» айтты.