Ресейдің ұлттық антитеррористік комитетінің хабарлауынша, Абхазияда Ресей арнайы қызметі террористер 2014 жылғы Сочи олимпиадасы кезінде шабуыл жасауға жоспарлаған бірнеше "әуе-жер" сыныбына жататын зымыран, жарылғыш заттар, гранатометтер мен басқа да қаруларды тәркілеген.
Абхазия мен Ресейдің арнайы қызметінің бірлескен операциясы барысында үш күдіктіні тұтқындап, заңсыз қару-жарақ сақталған қойманы тапқан.
Ресей билігі "мұны Шешенстанның исламшыл бүлікшілерінің жетекшісі Доку Умаров ұйымдастырған және оның Грузия арнайы қызмет орындарымен тығыз байланысы бар" деп мәлімдеді. Сочи орналасқан аймақ Абхазиямен және исламшыл бүлікшілер әрекет ететін Оңтүстік Кавказ (Ресей) аймағымен шектеседі.