"РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, 20 мамырда Италия төрт күнге қара жамылды. Қаралы күн 16 жасар колледж студенті Мелисса Бассидің қылмыстық топ ұйымдастырған жарылыстан қаза табуына байланысты жарияланды.
19 мамырда Бриндизи қаласының коллеждерінің бірінде алдын ала қойылған бомба жарылған. Жарылыс колледждің кіреберіс есігінде болып, бір қыз бала қаза тапты, тағы бір студент қыз ауыр халде жатыр. Нақтыланбаған деректер бойынша, 10 адам жараланған.
Италияның премьер-министрі Марио Монтидің жарлығымен елдегі барлық мекемелердегі мемлекеттік тулар төмен түсірілді.
АҚШ-та G8 саммитіне қатысып жатқан Марио Монти "Бұл бақытсыз қыз бен жарылыстан зардап шеккен басқа да жәбірленушілер қатыгездік құрбаны болды" деп мәлімдеді.
Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды. BBC таратқан ақпараттар бойынша, италиялық тергеушілер Бриндизи қаласында болған жарылыстарды ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған деп болжайды. Жарылғыш құрылғы екі газ баллонынан дайындалған.