Accessibility links

Польшада шерушілерді ұрған милиционерлер сотталды


Қарулы полицейлердің шерушілермен қақтығысы. Көрнекі сурет.
Қарулы полицейлердің шерушілермен қақтығысы. Көрнекі сурет.
Польшаның Краков қалалық соты 25 жыл бұрын наразылық шеруіне шыққан демонстранттарды ұрып-соққан бұрынғы төрт милиционерді соттады.

Коммунистік Польшада ЗОМО деп аталған милиция арнаулы күштерінің бұрынғы қызметкерлері 1987 жылы 3 мамырда Вавель қорғанында бейбіт шеруге қатысқан 12 адамды ұрған болатын. Судья төрт милиционерге екі жарым жылдан үш жыл мерзімге дейін шартты түрде соттады. Бірақ олар кінәлерін мойындамайды.

Үкімге антикоммунистік оппозицияның бұрынғы белсенділерінің көңілдері толып отыр. Бірақ шеруге қатысқан бұрынғы белсенділердің бірі демонстранттарды ұрып-соққан басқа да милиционерлердің, және ең бастысы - ұрып-соғуға бұйрық бергендердің жазаланбай отырғаны өкінішті" дейді.
XS
SM
MD
LG