Иран президенті Махмуд Ахмадинежад 27 мамыр, жексенбі күні парламент мүшелерінен елді қыспаққа алған "зұлым күштерге" қарсы тұру кезінде өзін қолдауды өтінді. Ахмадинежад заң шығарушы өкілдерді өзінің президенттік билігіне араласпауға шақырды.
Иран президенті жаңадан сайланған парламенттің алғашқы сессиясында баяндама жасаған еді. Оның сөзі президент жақтастарын жаппай жеңіп сайланған консерваторларға қарата айтылғандай естілді. Ахмадинежад пен Иран консерваторлары сыртқы саясат бойынша бірдей көзқарас ұстанғанымен экономикалық мәселелер бойынша келіспей қала береді.
Президент былтыр Иранның жоғарғы дәрежелі діни басқарушыларына қатер төндіргендей әрекет жасаған кезде консерваторлардың қолдауынан айырылған еді. Ахмадинежад өзін жасырын түрде ядролық қару жасаумен айналысып жатыр деп айыптайтын Батыс елдерінің тарапынан да қысымға ұшыраған. Иран ресми түрде мұндай айыптауларды жоққа шығарып келеді.