Балалық шағында әкесі Гугуша деп еркелеткен Гүлнара Каримова бұдан шамамен 10 жыл бұрын осы атпен ән айта бастаған еді.
Өзбекстандағы танымал әнші Күміс Разақованың «Унутма мені» («Ұмытпа мені») деп аталатын өлеңін өзіне бейімдеп алып, қайта жасаған Гугушаның бұл клипі жылдар бойы президенттің қызы бақылайтын телеарналардан жиі көрсетілді.
«ҰМЫТПА МЕНІ»
«Әнші ретіндегі репертуары негізінен басқалардың танымал әндерін қайта өңдеп, бірнеше клип шығарған Гугуша Өзбекстанда жұлдызға айнала алмады» деп хабарлайды Азаттық радиосының Өзбек қызметі.
Бірақ 39 жастағы Гүлнара Каримова Ташкенттегі жеке жиындарға әйгілі әншілер Хулио Иглесиас пен Монтсеррат Кабальені шақырып, олармен бірге ән айтқан еді.
Енді 5 маусымнан бастап саудаға шығарылған алғашқы ағылшын тіліндегі альбомы арқылы Гугуша халықаралық деңгейде танылуға бел буды.
Ағылшын тіліндегі әндер альбомы Round Run («Айнала жүгіру») деп аталады. 12 ән жазылған бұл альбом ресейлік продюсер және композитор Максим Фадеевтің көмегімен әзірленген.
Гугуша Батыс музыка нарығына еніп, өзін «экзотикалық поп-әнші» ретінде таныта ала ма, жоқ па – оны уақыт көрсетеді.
Гугушаның орындауындағы «Ұмытпа мені» әні:
«ДИКТАТОРДЫҢ ҚЫЗЫ»
Гугушаның көптеген отандастары оның басқа «жетістіктерінен» де хабардар. 2010 жылы WikiLeaks сайты жариялаған америкалық дипломаттардың хатына қарағанда, «Гүлнара Каримова — Өзбекстандағы ең жеккөрінішті адам».
Адам құқықтарын қорғаушы Human Rights Watch ұйымының Еуропа мен Орталық Азия бойынша директоры Вероника Сценте Голдстонның айтуынша, өзгеше ойлайтындарды ұнатпайтын Өзбекстанда адам құқықтарының бұзылуына Ислам Каримовтың үлкен қызы және осы елдің дипломаты Гүлнара Каримованың да қатысы бар.
Foreign Policy Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың құрған режимі адам құқықтарын шектеуге қатысты халықаралық ұйымдар тарапынан сынға ұшырағаны аздай, оның қызы Гүлнара Каримова да заңсыз бизнес жобалары туралы сөзге ілінген деп жазады. Бұған қатысты Zeromax компаниясының қызметіне қатысты туған дау мен АҚШ-тың Interspan шай компаниясының Өзбекстаннан қалай қуылғаны туралы мәліметтер мысал ретінде келтірілген.
Гүлнара Каримованың Guli атты брэнді бойынша тігілген киім үлгілерін көрсету шарасына халықаралық ұйымдар бойкот жариялауға шақырған кездер де болған. Себебі адам құқығын қорғаушы топтар Өзбекстанда мақта жинау кезінде балалар еңбегін қанайды деп есептейді.
Гүлнара Каримова қазір БҰҰ-дағы Өзбекстанның тұрақты өкілі қызметін атқарады. Бірақ Каримованың мұндай мәртебелі дипломаттық қызметіне қарамастан Foreign Policy журналы оны «өзбек диктаторының қызы» деп атаған.
Осы «диктатордың қызы» деген сөзге бола Ислам Каримовтың кіші қызы Лола Каримова бұдан бұрын француздық Rue89 басылымының журналисі Августин Скальберттің үстінен шағым түсірген еді. Шағымды қараған француз соты журналистің Лола Каримованы «диктатордың қызы» деп атағаны «әділ және дұрыс, әрі ол жеке басқа ешқандай тиісу болып табылмайды» деген шешім шығарған.