Ресейдің Нижний Новгород қаласының соты шеру кезінде тәртіп бұзушылардың жазасын қатайтқан заңға қарсы шыққан бірнеше адамға әкімшілік жаза кесті.
Тіркелмеген «Другая Россия» партиясының жергілікті бөлімшесінің «Интерфакс» агентігіне хабарлауынша, белсенділер Юрий Староверов 15 күнге, Илья Мясковский 14 күнге қамалған. Бұған қоса Нижний Новгород қаласындағы азаматтық қозғалыс белсендісі Глеб Калинычев 13 күнге қамалғаны жайлы ақпарат тарады.
Нижний Новгород соты кеше шеруге шыққан белсенділер Анна Кузнецованы 13 күнге, Любовь Годлинаны жеті күнге қамауға үкім еткен.
Ресейде ереуіл өткізуге байланысты тәртіп бұзған адамның жазасын қатаңдатып, айыппұлды бірнеше есе көбейткен заң бүгін күшіне енді.