Мьянманың солтүстік батысындағы Ракхайн штатында өткен жұмадан бері этносаралық қақтығыстан жеті адам құрбан болып, төтенше жағдай жарияланды. Ауданға әскер әкелініп жатыр.
Теледидар арқылы үндеу жолдаған ел президенті Тейн Сейн этносаралық және дінаралық қақтығыс өткен жылы басталған демократиялық реформаларға қатер төндіретінін айтып, елді тәртіпке шақырды.
Жергілікті билік шиеленіске штатта тұратын, өздерін рахиндар деп атайтын мұсылмандарды айыптап отыр. Олар буддистерге шабуыл жасап, жүздеген үйді өртеген дейді билік өкілдері. Жанжал 3 маусымда буддистердің он шақты мұсылманға көрсеткен зәбіріне байланысты кек алу кезінде тұтанған.
БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігінің дерегі бойынша, 800 мың рахиннің азаматтығы жоқ. Мьянма үкіметі оларды көршілес Бангладештен келген заңсыз иммигранттар деп санайды. Ал құқық қорғаушылар рахиндар 60 жылдан бері саны көп буддистерден жүйелі түрде қуғын көріп келеді дейді.