Accessibility links

Грекияда маңызды парламент сайлауы басталды


Афинадағы ту ұстап жүрген Жаңа Демократия партиясының қолдаушылары. 15 маусым 2012 жыл
Афинадағы ту ұстап жүрген Жаңа Демократия партиясының қолдаушылары. 15 маусым 2012 жыл
Грекияның дағдарыстан қажыған халқы 17 маусым күні басталған парламент сайлауы кезінде дауыс беріп жатыр. Бұл сайлау елдің еуро-зонада қалатынын, я қалмайтынын шешетін маңызды тарихи оқиға ретінде сипатталады.

Сайлаушылар қақ жарылып, бір бөлігі Алексис Ципрас бастаған Сириза партиясын (радикал солшылдар одағы), екінші бөлігі Антонис Самарас жетекшілік ететін консерватитвік Жаңа Демократия партиясын қолдап тұр.

Ципрастың айтуынша, егер оның партиясы жеңіске жетсе, Грекия биылғы жылдың басында Еуропа Одағының өзіне бөлген 130 миллиард еуро дотациясынан бас тартады. Самарас та бұл дотацияның шарттарын өзгертуге тырыспақ, бірақ оның позициясы әлдеқайда жұмсағырақ.

Осының алдында 6 мамыр күні өткен парламент сайлауы ешбір партия басым түсіп, үкімет құра алмағасын жарамсыз деп танылған.

Еуропа Одағының жетекшілері Грекия дотациядан бас тартатын болса, еуро аймағынан шығарылады деп мәлімдеп келеді.
XS
SM
MD
LG