Accessibility links

Франция қорғаныс министрі Өзбекстанға барды


Францияның қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан
Францияның қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан
Францияның қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан ресми сапармен Өзбекстанға барды. Дүйсенбіде ол ел президенті Ислам Каримовпен және басқа да басшылармен кездесті.

Кездесудің басты тақырыбы Ауғанстаннан коалиция күштерін шығару мәселесі болды. НАТО-ның жоспары бойынша, Еуропаға шығатын транзиттік жолдың бірі Өзбекстан аумағы арқылы өтуі тиіс.

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози Ташкенттің жүк тасымалдауға рұқсат бергені үшін тым көп ақша сұрайтынын айтып, Өзбекстан арқылы өтетін транзиттік жолды пайдаланудың болашағына күмән келтірген еді.

НАТО-ның Ауғанстандағы миссиясы біткеннен кейінгі Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі де Ле Дриан мен Каримовтың кездесуінде басты тақырыптардың бірі болды.
XS
SM
MD
LG