Accessibility links

Әндіжан қырғыны туралы жаңа фильм түсірілді


Әндіжан оқиғасына 6 жыл толу орайына өткізілген қарсылық шарасынан көрініс.
Әндіжан оқиғасына 6 жыл толу орайына өткізілген қарсылық шарасынан көрініс.
Бұл күндері Өзбекстанда адам құқықтары тапталып жатқаны жайлы айтылмайды, жаңалықтар берілмейді. Негізінен Ауғанстанмен шекарадағы аймақтарға қатысты ғана ақпараттар жарияланады.

Даниялық журналист Майкл Андерсон Өзбекстанда қалыптасқан осындай жағдайды өзгертуді мақсат тұтып, деректі фильм түсірген. Туынды Әндіжан қантөгісінің бұрын жарыққа шықпаған, беймәлім тұстарын әңгімелейді.

«ҰМЫТЫЛҒАН ҚАНТӨГІС»

Фильм «Өзбекстандағы қантөгіс: болжанған, кешірілген, ұмытылған» деп аталады. 2005 жылы мамырдың 13-інде Өзбекстанның шығысындағы Әндіжан қаласында шеруге шыққан халыққа полиция оқ жаудырды. Майкл Андерсон осы қайғылы оқиғаның басқа қырларын көрсетуге тырысқан.
Әндіжан оқиғасына байланысты тұтқындалғандар сотта отыр. Оларға «заңсыз қару сақтаған, азаматтарды, полицейлерді өлтірген, кепілге адам алған, түрмедегі жүздеген қылмыскерді босатып жіберуге қатысқан» деген айыптар тағылды. Өзбекстан, Ташкенттегі жоғарғы сот ғимараты, 20 қыркүйек 2005 жыл.
Әндіжан оқиғасына байланысты тұтқындалғандар сотта отыр. Оларға «заңсыз қару сақтаған, азаматтарды, полицейлерді өлтірген, кепілге адам алған, түрмедегі жүздеген қылмыскерді босатып жіберуге қатысқан» деген айыптар тағылды. Өзбекстан, Ташкенттегі жоғарғы сот ғимараты, 20 қыркүйек 2005 жыл.

Жеті жыл бұрын болған Әндіжан оқиғасы жайында деректер аз. Human Rights Watch және Amnesty International сияқты халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар оқиға куәларының әңгімелерін және қантөгіс детальдарын жинап, қырғынның халықты жаппай соттауға ұласқаны жайлы жүздеген парақ мәліметтер жариялады. Бірақ «Өзбекстандағы қантөгіс» фильмнің директоры Андерсонның сөзіне қарағанда, бұл оқиға әлі күнге дейін толық айтылып, нақты не болғаны түгел жарыққа шықпаған.

Азаттық тілшісімен сұхбаттасқан Андерсонның айтуынша, бұл фильм Әндіжан оқиғасынан кейінгі жағдайды ғана қамтыған.

- Сирек кездесетін мәліметтерді жинап, бұрын-соңды жарияланбаған сұхбаттар мен бақылаушылардың пікірі арқылы қайғылы да қорқынышты оқиғаны баяндап шықтық, - дейді ол.

Бұл жердегі талас туғызатын мәселенің бірі - қантөгіс құрбандарының саны. Өзбекстан үкіметі «Әндіжандағы қақтығыста 187 адам өлді. Олардың барлығы - мемлекеттік билікті төңкеріп, халифат құруды мақсат тұтқан террористер» деп келді.

Кейбіреулер қаза тапқан халықтың саны 1000-ға жуық, ал жараланғандар одан да көп дейді.

- Әндіжандағы мәйітхана берген өлім жайлы анықтамалар Каримовтың «Бар-жоғы 187 адам өлді. Олардың барлығы да террористер еді» деген мәлімдемесінің жалған екенін көрсетті, - деді Андерсон.

«Өзбекстандағы қантөгіс» фильмі:



«БАТЫРЛАРДЫ ТАНИСЫЗ»

Фильмнің бірінші бөлімінде қантөгіс болған күн туралы айтылады.

Әндіжан оқиғасында қаза тапқандардың мәйіті. Өзбекстан, Әндіжан, 14 мамыр 2005 жыл.
Әндіжан оқиғасында қаза тапқандардың мәйіті. Өзбекстан, Әндіжан, 14 мамыр 2005 жыл.
Деректі туындының орта тұсында қантөгіске қарсы жарияланған Батыс санкциялары сөз болады.

Алайда фильмнің соңында «Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы темір жол байланысы Батысқа қажет болып, дамыған демократиялық елдердің Өзбекстан режиміне қайта жақындасуы» туралы айтылған.

- Осы жағдай адамды екіұдай күйге түсіреді, - дейді Андерсон.

Бұл - өте қайғылы оқиға. Бірақ Андерсон өзбек халқының болашағына оптимистік көзқараспен қарайды.

- Әндіжанға жеті жылдан соң «оралсаңыз», оқиға кезінде көптеген адамдардың жанкешті қимылдарға барғанын біліп, батырларды танисыз. Ең көп қиындық көргендер - Өзбекстанның құқық қорғаушылары мен қоғамдық белсенділері. Олар шындықты айту үшін бастарын бәйгеге тіккен. Олардың істері адамға жігер береді, - дейді фильмнің директоры.
XS
SM
MD
LG