Accessibility links

Қарулы күштердің жаңа құрылымы жасақталды


Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты әскери бөлімнің сарбаздары. Алматы, 5 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты әскери бөлімнің сарбаздары. Алматы, 5 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Қазақстан қарулы күштерінің жаңа құрылымы жасақталды деп хабарлайды бас әскери прокуратура ресми сайтында.

Әскери прокуратураның хабарлауынша, Қазақстан президенті Қазақстанның қарулы күштерінің құрылымын одан ары жетілдіру туралы жарлыққа 12 шілдеде қол қойған.

Жарлық бойынша, қарулы күштерді жоғарғы әскери-саяси орган - жоғарғы бас қолбасшылық жасау органы басқарады. Жоғарғы бас қолбасшылық соғыс уақытында қарулы күштердің барлық қызметіне басшылық жасайды және ол қарулы күштердің бас штабы арқылы басқарылады.

Қарулы күштердің құрылымы жоғарғы бас қолбасшылық, әскери басқарма, қарулы күштердің түрлері, арнайы әскер, қарулы күштер тылы, әскери оқу орындары мен әскери-ғылыми мекемелерден тұрады.

Әскери басқару органдары стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, және жергiлiктi әскери органдарға бөлінеді.

Республиканың "Астана", "Шығыс", "Батыс" және "Оңтүстiк» әскери округтерінің жауапкершiлiктері де бекітілді.
XS
SM
MD
LG