Accessibility links

Тәжікстанда ұрыста қаза тапқандар саны 42 адамға жетті


Хорог қаласының атауы жазылған белгі, Таулы Бадахшан автономиялық облысы, Тәжікстан. Азия плюс агенттігінің суреті.
Хорог қаласының атауы жазылған белгі, Таулы Бадахшан автономиялық облысы, Тәжікстан. Азия плюс агенттігінің суреті.
Тәжікстан билік өкілдерінің деректері бойынша, елдің шығысында жалғасып жатқан әскери операция барысында үкімет күштерінен 12 адам қаза тауып, 23 адам жараланған. Сонымен бірге 30 бүлікшінің көзі жойылған деп хабарланды.

Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің өкілі Нозирджон Буриев, Азаттық радиосының Тәжік редакциясына берген сұқбатында, қолға түскен 40 адамның сегізі Ауғанстан азаматтары екенін айтты.

Ресми орындар бейбіт тұрғындар арасында мерт болғандар жоқ деп хабарлады.

Сейсенбі күні Таулы Бадахшан автономиялық облысында басталған әскери шараның мақсаты оппозиция әскерінің бұрынғы қолбасшысы, ал қазір «Ишкашим» шекара бекетінің басшысы Толиб Айембеков бастаған топты қолға түсіру екендігі айтылған. Билік оларды осы ауданда өткен аптада қастандықпен өлтірілген ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің генералы Абдулло Назаровтың қазасына қатысты бар күдіктіге жатқызады.
XS
SM
MD
LG