Мәскеу қаласының әкімшілігі оппозицияның қалада Абайдың туған күніне байланысты өткізетін акциясында заң бұзылып, саяси сипат алып кетсе, тиісті шара қолданылады деген ескерту жасады деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.
Мәскеу қаласы әкімшілігінің аймақтық қауіпсіздік департаментінің басшысы Алексей Майоров өздеріне Абайдың туған күніне ора акция өткізуді сұраған ешқандай өтініш түспегенін айтады. Бірақ егер ұйымдастырушылар "заңдылықты сақтаса, билік тарапынан ешқандай кедергі жасалмайды" дейді.
Оппозиция бүгін кешке Чистые пруды тоғанының қасындағы Абай ескерткішінің маңында ақынның туған күніне орай акция өткізуді жоспарлап отыр.