Accessibility links

Оңтүстік Осетия грузин ауылдарын бұзады


Оңтүстік Осетия жетекшісі Леонид Тибилов.
Оңтүстік Осетия жетекшісі Леонид Тибилов.
Грузиядан бөлініп шыққан сепаратистік Оңтүстік Осетия аймағының басшысы Леонид Тибилов "аймақтағы грузин ауылдары бұзылады" деп мәлімдеді.

2008 жылы тамыздағы Ресей мен Грузия арасындағы бес күндік қақтығыста аймақтағы грузиндер көшіріліп, тастап кеткен үйлері бұзылған еді.

Тибилов бұған қоса үйлері бұзылған ауылдардың грузиндік атаулары да өзгертілетінін айтты.

Грузияның сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Капанадзе Оңтүстік Осетия мен Ресей билігін "этникалық тазалауды әлі тоқтатпай отыр" деп айыптады.

Мәскеу 2008 жылғы Ресей-Грузия жанжалынан соң Оңтүстік Осетия мен тағы бір сепаратистік аймақ - Абхазияның тәуелсіздігін мойындаған. Бірақ Тбилиси мен басқа әлем елдері екі аймақты Грузияның бір бөлшегі деп таниды.
XS
SM
MD
LG