Оппозициялық сипаттағы мақалалар жазып жүрген журналист Ұларбек Байтайлаққа шабуыл жасады деген күдікті ұсталды деп хабарлайды "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы.
Күдіктінің ұсталып, "шабуыл жасағанын мойындағаны" туралы журналистің өзіне Ақмола облысы Целиноград аудандық ішкі істер басқармасының тергеушісі айтқан. Күдіктіден тергеу аяқталғанша ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып, босатылған. Журналист соққыға жығылған кезде жоғалған құжаттар да табылған.
Журналисті тамыздың 8-іне қараған түні Астананың маңында, өз үйіне жақын жерде белгісіз біреулер ұрып кеткен еді. Соққыдан ол ауыр жараланып, ауруханаға түскен.
Ұларбек Байтайлақтың мақалалары оппозициялық "Дат", "Төртінші билік" газеттері мен "Алтын тамыр" журналдарында жарияланған.