Қарағанды облысындағы АК 159/5 түрмесінде бір сотталушы арнайы көлікке отырғызылып жатқанда қайтыс болды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Қарағанды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Наталья Горина хабарлады.
Наталья Горина тұтқынның "жүрек талмасынан қайтыс болғанын" жеткізді. Айтуынша, тұтқынға медициналық жәрдем көрсетілген, бірақ оның әсері болмаған.
Департаменттің ақпаратына қарағанда, 31 тамызда тәртіп бұзғандар отыратын айып абақтысында бір топ сотталушы бағынбау акциясын өткізген. Ал "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі олардың біреуі қарнын тіліп тастағанын хабарлаған. Сотталушылар "түрме қызметкерлерінің заңды талабын орындаудан бас тартқан" соң қызметкерлер тұтқындарды бағындыру үшін "денсаулықтарына зиян келмейтіндей шаралар қолданылған".
"Қарнын тілген тұтқын ауруханаға жатқызылды. Түрмедегі жағдай тұрақты" деді баспасөз қызметі.
Бірақ департамент наразылық акциясы мен тұтқынның қазасының бір-бірімен байланысы жоғын айтады.