Accessibility links

АҚШ Сирия халқына қосымша көмек береді


Жұма намазынан шыққан жұрт билікке қарсы жиында тұр. Сермада, Идлиб ауданы, Сирия. 28 қыркүйек 2012 ж.
Жұма намазынан шыққан жұрт билікке қарсы жиында тұр. Сермада, Идлиб ауданы, Сирия. 28 қыркүйек 2012 ж.
АҚШ Сирия тұрғындарына гуманитарлық көмек үшін қосымша 30 миллион доллар бөледі. Бұл туралы жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қаржыға Сирияда үкімет әскері мен көтерілісішілере арасында ұрыстар жалғасып жатқан аймақта тұратын халыққа азық-түлік, су, дәрі-дәрмек, шатырлар және ең қажетті заттар сатып алынады.

Сонымен бірге, Нью-Йоркте "Сирия достарының тобы" кездесуінде Хиллари Клинтон Сириядағы азаматтық топтарға қолдау ретінде 15 миллион доллар бөлінетінін айтты.

Бұған дейін БҰҰ Сирия тұрғындарына гуманитарлық жәрдем көрсету үшін 488 миллион доллар жинау туралы үндеу жасаған еді. Халықаралық ұйымның деректері бойынша, Сириядағы жанжалдан екі жарым миллионнан астам адам зардап шеккен, 200 мың адам бассауғалап Түркия, Ирак, Ливан және Иорданияға кетуге мәжбүр болған.
XS
SM
MD
LG