Бүгін Ватикан соты Рим папасы XVI Бенедикттің бұрынғы камердинері Паоло Габриэлені өзге адамның жеке құжаттарын ұрлағаны үшін айыпты деп тауып, оны бір жарым жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарды.
Прокурор соттан айыпкерді үш жыл мерзімге түрмеге қамауды сұраған еді.
Паоло Габриэле бірнеше жыл бойы өзі қызметшісі болған Рим папасының құпия құжаттарын алып келгенін мойындады, алайда оларды қара ниетпен емес, католик шіркеуінің нақ өзегіндегі былық-шылықтарды ашу үшін журналистерге беруді ұйғарғанын айтты.