Accessibility links

Pussy Riot ісінде бір қыздың жазасы жеңілдетілді


Pussy Riot панк тобының әншілері Мәскеу қалалық сотында отыр, 10 қазан 2012 ж.
Pussy Riot панк тобының әншілері Мәскеу қалалық сотында отыр, 10 қазан 2012 ж.
Pussy Riot панк тобының мүшелерінің сот үкіміне берген кассациялық шағымын қараған Мәскеу қалалық соты бүгін сотталған үшеудің бірі Екатерина Самуцевичтің жазасын шартты мерзімге ауыстырып, қалған екеуі – Мария Алехина мен Надежда Толоконниковаға шығарылған үкімді күшінде қалдырды.

Бұған дейін, 17 тамызда шыққан сот үкімі бойынша Надежда Толоконникова, Мария Алёхина және Екатерина Самуцевич діни араздық негізінде бұзақылық жасаған деген айыппен әрқайсысы екі жыл мерзімге бас еркіндігінен айырылған еді.

Биыл ақпанның 4-і күні феминистік Pussy Riot панк тобының мүшелері Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында «Құдай Ана, Путинді қуа гөр» деп орыс тілінде ән салғаны үшін жауапқа тартылған болатын.

Pussy Riot мүшелерінің жауапқа сотқа тартылуы Ресей билігіне сынды үдетіп жіберді.
XS
SM
MD
LG