Accessibility links

Лама Шариф: Тараз оқиғасынан кейін бейбіт адам өлген жоқ


Дін істері агенттігінің төрағасы Лама Шариф жазушылар одағындағы жастармен кезесуде. Алматы, 16 қазан 2012 жыл.
Дін істері агенттігінің төрағасы Лама Шариф жазушылар одағындағы жастармен кезесуде. Алматы, 16 қазан 2012 жыл.
16 қазанда Қазақстанның дін істері жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Лама Шариф Алматыдағы Жазушылар одағында арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті.

Қайрат Лама Шарифтің айтуынша, биылғы 25 қазанда діни бірлестіктерді қайта тіркеу мерзімі аяқталады. Оның сөзінше, бұрын тіркелген 46 конфессия мен деноминацияны білдіретін 4,5 мыңнан астам діни бірлестік жан-жақты тексерілген. Оның шамамен үштен бірі қысқаратыны, яғни 3100-ге жуық діни бірлестік қалатыны мәлім болған.

- Бұрын 1200 протестантық діни бірлестік болса, қазір 300-ден аспайды. Біз бұл жұмысты қадағалап, қайсысының дін екенін, қайсысының дін емес екеніне сараптама жасап жатырмыз, - деді ол.

Қайрат Лама Шарифтің айтуынша, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мен Қазақстан православ шіркеуі ғана республикалық діни бірлестік дәрежесіне ие болған. Қалғандарының барлығы жергілікті діни бірлестік болып қалады.

Жастарды "теріс пиғылды діни экстремизмге жол бермеуге" шақырған Қайрат Лама-Шариф:

- Құдайға шүкір, былтырғы 12 қарашада Тараз оқиғасынан кейін бір жылдың ішінде бірде-бір бейбіт өмір сүріп жатқан қарапайым адам қаза тапқан жоқ, - деді.
XS
SM
MD
LG