Accessibility links

9 айда жол-көлік апатынан 2061 адам өлген


Жол полициясы. Көрнекі сурет.
Жол полициясы. Көрнекі сурет.
Жыл басынан бергі 9 айдың Қазақстанда 9700 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 2061 адам мерт болып, 12 мыңға жуық адам жарақат алған. Бұл туралы Қазақстанның жол полициясы комитетінің басшысы полиция полковнигі Берік Бисенғалиев мәлімдеді деп хабарлайды bnews.kz сайты.

Өткен жылдың дәл сонда кезеңімен салыстырғанда биылғы 9 айда жол апатының саны 18% артып, қаза болғандар қатары 11%, ал жарақат алғандар - 26% көбейген.

Әйткенмен елде жол-көлік оқиғаларының саны артқанымен жол қауіпсіздігі тұрақты деңгейде қалып отыр дейді Қазақстанның жол полициясы комитетінің басшысы.

Жыл басынан бері автоматты жүйелердің көмегімен 375 мың құқықбұзушы анықталып, бюджетке 966,4 млн. теңге айыппұл төленген. Алдағы жылдан бастап жол қозғалысын бақылайтын интеллектуалдық жүйе енгізілмек. Ол жол ережесін бұзу оқиғасын анықтаумен қатар, нақты уақыт режимінде көлік құралының тіркеу нөмірі мен оның іздеуде бар-жоғын да анықтайды, жол полициясының барлық көліктері видеотіркеу құралдарымен жабдықталып, экипаждың жолындағы жол қозғалысын толығымен тіркейтін болады дейді жол полициясы комитетінің басшысы.

Қазақстанда жыл соңына дейін жол полициясының 500 көлігі, ал одан кейінгі жылдары барлық көлік осындай жабдықтармен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG