Филиппинде тропикалық Сон-Тинь дауылы кемінде 24 адамды мерт қылды. Билік өкілдерінің айтуынша, құрбан болғандардың жартысына жуығы көшкін астында қалып және суға батып қаза болған. Ал қалған жартысының ажалына электр тогы немесе дауыл кезінде ғимараттардың бүлінуі себеп болған.
Әзірге алты адамның хабар-ошарсыз кеткені айтылып отыр. Үкімет қауіпсіз жерге 15 мыңнан астам адамды көшірген.
Табиғи апат салдарынан бірнеше күн бойы елдегі порттар мен әуежайларда қалып қойған ондаған мың адам тек дауыл қаупі сейілген жұманың кешінен бастап қана жолға шығуға мүмкіндік алған.
Қазір Сон-Тинь дауылы сағатына 85 шақырым жылдамдықпен Вьетнамға беттеп барады.