Биылғы АҚШ-тағы президенттік сайлау елдің тарихындағы ең тартысты бәсекелердің біріне айналуы мүмкін.
Республикашыл кандидат Митт Ромни Массачусетс штатында дауыс берді. Демократ кандидат, қазіргі президент Барак Обама өзі тіркелген Иллинойс штатындағы сайлау учаскесіне барды.
АҚШ-тың шығыс жағалауындағы кейбір штаттар "Сэнди" дауылының зардабынан кейін енді ес жия бастағандықтан бұл төтенше жағдай сайлауға әсер етеді деп санайтындар бар.
Нью-Йорктегі Азаттық тілшісінің хабарлауынша, адамдардың кандидаттар туралы пікірі әртүрлі. Бір тұрғын Обаманы өз пікірінен басқаны естуге құлықсыз адам ретінде сипаттайды, дауысын Ромниге беретінін айтады. Екінші бір тұрғын Обаманың дауыл кезіндегі іс-қимылын мақтап, соны қолдайтынын білдіреді.
Бірнеше экзит-полл бойынша екі кандидат шамалас дауыс жинап тұр.
Бірақ АҚШ сайлау заңына сәйкес көпшіліктің дауысын алған кандидат жеңіске бірден жете қоймайды. Сайлау коллегияларындағы сайлаушылардың (выборщик) кем дегенде 270-інің дауысын жинауы тиіс.
Алдын-ала сауалнама нәтижелері Обаманың Флорида, Охайо, Вирджиния мен Колорадо сияқты шешуші штаттарда Ромниден сәл озып келе жатқанын байқатады.
Сайлаушылар бүгін өз штаттарынан бәсекеге түскен кандидаттар арасынан АҚШ сенатының 39 (босаған орын) және өкілдер палатасының 435 мүшесін де сайлап жатыр.