Египет президенті Мұхаммед Мурси өз құзыретін арттыратын жарлық шығарды.
Египеттің мемлекеттік телеарнасы арқылы жария болған құжатта "президент шығарған барлық жарлықтар, шешімдер мен заңдарды талқылап, шағым айтуға болмайды" деп жазылған. Бұдан өзге енді бір де бір мемлекеттік органның жаңа конституцияны жасайтын заң шығарушы ассамблеяны таратып жіберуге хақы жоқ. Египет парламентіндегі депутаттардың көпшілігі Мурсиді қолдайтын исламшыл партиядан сайланған.
Мұхаммед Мурси 30 маусымда қызметіне кіріспей тұрып жоғарғы сот парламенттің төменгі палатасын таратып жіберген соң заң шығару құзыретін иеленген еді.
Бұдан өзге Египет басшысы бас прокурорды орнынан түсіріп, биліктен кетірілген экс-президент Хосни Мүбәрәктің үстінен өткен жылғы толқулар кезінде шерушілердің қазасына қатысы бар деген айыппен қайта сотқа тартқызды.
Египет оппозициясының жетекшісі Мұхаммед Әл-Барадей "Мурси өзін жаңа перғауын ретінде сезінеді" деп мәлімдеген.