Accessibility links

Египетте президентке наразылық шерулері жалғасты


Президент Мұхаммед Мурсиге қарсы наразылық шеруі. Каир, Тахрир алаңы, 27 қараша 2012 жыл.
Президент Мұхаммед Мурсиге қарсы наразылық шеруі. Каир, Тахрир алаңы, 27 қараша 2012 жыл.
Каирде он мыңдаған адам президент Мұхаммед Мурсиден өз құзіретін күшейтетін декларацияны жоюды талап етіп, Тахрир алаңында наразылық шеруін өткізді.

Жиналғандардың дені - жастар. Полиция өздеріне тас лақтырған шерушілерге көзден жас ағызатын газ қолданды. Мұның соңы шерушілердің полициямен әр жерде қақтығысып қалуына ұласты. Газдан уланған бір адам қаза тапты. Елде президент декларациясына қарсы наразылықтар басталғалы осымен екінші адам қаза тапты. Шерулер мен акциялар Александрия, Суэц, Минье қалаларында да болды.

Бұған дейін жоғарғы сот өкілдерімен кездескен Мұхаммед Мурси декларация елде "демократиялық процестерді жеделдету үшін қажет" деген. Ол елде парламент сайлаулары өте салысымен декларацияның күшін жоятынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG