Accessibility links

Египетте референдумға қатысты тексеру жүріп жатыр


Конституция жобасына дауыс беріп тұрған египеттік. Суэц, Египет, 22 желтоқсан 2012 жыл.
Конституция жобасына дауыс беріп тұрған египеттік. Суэц, Египет, 22 желтоқсан 2012 жыл.
Египет судьялары референдумға байланысты оппозиция түсірген шағым бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Дау тудырған конституцияға қатысты референдум қорытындысын жариялау мерзімі сейсенбіге дейін ұзарды.

Жобаны негізінен исламшылдар дайындап, президент Мұхаммед Мурси оны жедел дауысқа салуды ұсынған еді. Жобаға қарсылар оның исламға барынша бейімделіп жасалғанын айтады. Оппозиция бұған дейін дауыс беру барысында бұрмалаушылықтар болды деп, тексеру жүргізуге шақырған.

"Мұсылман бауырлар" қозғалысының бейресми деректері бойынша, жобаны дауыс бергендердің 64 пайызы қолдаған. Бірақ референдумға сайлаушылардың үштен бірі ғана қатысқан.

Конституция жобасы қабылданса, екі айдың ішінде елде парламент сайлаулары өтпек. Оған қоса заң шығару құзыреті парламенттің жоғарғы палатасы - исламшылдар басым Шура кеңесіне беріледі.
XS
SM
MD
LG