Accessibility links

Мұнай компаниясы жұмысшыларына ыс тиді


Мұнай сорабы. (Көрнекі сурет)
Мұнай сорабы. (Көрнекі сурет)
Қызылорда облысында Petro Kazakhstan Kumkol Resources компаниясының жатақханасындағы өрттен 26 жұмысшыға ыс тиді деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

Өрт компанияның Арысқұм кен орнындағы жатақханасында түнгі сағат 4-тер шамасында шығып, таңғы сағат 9 кезінде сөндірілген.

Ыс тиген жұмысшылар дәрігерлік бақылаудан өтіп, амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген.
XS
SM
MD
LG