Accessibility links

Жамбыл облысында қалпына келтіру жұмыстары басталды


Батыс Қытай - Батыс Еуропа күрежолы бойындағы дауыл. Жамбыл облысы, 28 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Батыс Қытай - Батыс Еуропа күрежолы бойындағы дауыл. Жамбыл облысы, 28 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
"Ауа-райының күрт бұзылуынан электр қуатынсыз қалған Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Жаңатас қаласында тәулік бойы жылынуға болатын бекеттер ашылып, тұрғындарға ыстық тамақ беріле бастады" деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Сарысу ауданы әкімі Қанатбек Мәдибектің айтуынша, "электр энергиясын өндіретін станцияның көмегімен жергілікті наубайханалар күніне 5 мың данаға дейін нан пісіреді" деген жоспар бар.

Жаңатасқа қазір жанармай, қосымша жылыну бекеттері, шатырлар жеткізіліп, апат салдарын жоюға жүздеген солдат кіріскен. Бірақ электр қуаты мен жылудың, ауыз судың қашан қосылатыны әлі белгісіз.

12 қаңтарда облыстың Сарысу, Талас аудандары мен Жаңатас қаласында ауа-райының күрт бұзылуынан ПС-110-Қаратау-2 подстанциясына электр қуатын беретін «ЖЭС» ЖШС электр желісі істен шығып, Қаратау мен Жаңатас қалалары электр қуатынсыз қалған еді. Бұған қоса, секундына 35-40 метр жылдамдықпен соққан желдің әсерінен «Игілік» қазандығының түтін шығатын мұржасы құлап, Қаратау қаласына жылу беру тоқтаған.

Күшті желдің салдарынан Жаңатаста кейбір үйлердің, мектеп, балабақша мен аурухананың, қалалық әкімдік ғимаратының шатырлары ұшып кеткен.

Ал Қаратауда көшелерде ағаштар құлап, бағдаршамдар мен аялдамалар, жол бегілері бүлінген еді.
XS
SM
MD
LG