Алматы полициясы осыдан бірнеше күн бұрын қала көшелерінің бірінде көлікте кетіп бара жатқан егде ер адам мен әйел адамды соққыға жыққан жүргізушіні тапты. Бұл туралы Азаттық тілшісіне қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.
Жас жігіттің қарт адамдарды ұрып жатқаны туралы видео бірнеше күн бұрын интернет беттерінде жарияланған еді. Оқиғаны қасынан өтіп бара жатқан көліктегі жүргізуші түсіріп алған.
Салтанат Әзірбектің айтуынша, қарт адамдарды соққыға жыққан жүргізушінің аты-жөні - Бақытжан Бопатаев (1981 жылы туған, жергілікті тұрғын). Ол зардап шеккен азаматпен жолға таласып, сөзге келіп қалған.
Қазір оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 257-бабының 1-тармағы ("бұзақылық") бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.