Accessibility links

Жаңаөзен соты шешімі өзгеріссіз қалды


Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотталушылар. Ақтау, 4 маусым 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотталушылар. Ақтау, 4 маусым 2012 жыл.
Қаңтардың 16-сы күні Маңғыстау облыстың сотында Жаңаөзен ісіне қатысты сотталған мұнайшылардың кассациялық шағымы қаралды. Сот бұдан бұрынғы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері хабарлады.

«Ақтау қалалық сотының 2012 жылғы 4 маусымындағы үкімі және Маңғыстау облыстық сотының аппеляциялық алқасының 2012 жылғы 6 тамыздағы үкімдері өзгеріссіз қалды. Сотталғандардың қорғаушыларының кассациялық шағымы қанағаттандырылмады. Олар жоғарғы сотқа шағым жазуына құқылы» дейді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, оған белсене қатысты», «билік өкілдеріне күш қолданды», «ұрлады, тонады» деген айыптар негізінде 37 адам (екеуі кәмелетке толмаған) сотқа тартылды.

Маусымның 4-і күні сот үкімі шығып, 37 айыпталушының үшеуі толық ақталып, бесеуі рақымшылыққа ілінді, 16 сотталушыға шартты жаза кесілсе, 13 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
XS
SM
MD
LG