Шонжы шекара заставасы басшысы орынбасарының "өз-өзіне қол салуы" оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
Шекара қызметінің "Шығыс" аймақтық басқармасы Шонжы шекара жасағы шекара заставасы бастығының орынбасары М.К.Қабыралинов 4 ақпан күні шамамен сағат 18.00-де шекара нарядынан қайтар кезде "өз-өзіне қол салды" деп хабарланған еді.
Ресми ақпарат бойынша, "қайғылы оқиғаға отбасылық келіспеушілік себеп болған".
Қазаның себептерін әскери прокуратураның жедел-тексеру тобы анықтап жатыр.