Accessibility links

Бахрейндегі наразылықта 1 адам қаза тапты


Бахрейндегі наразылықтар. 14 ақпан 2013 жыл.
Бахрейндегі наразылықтар. 14 ақпан 2013 жыл.
Бахрейнде осыдан екі жыл бұрын елде болған халық толқуларына арналған наразылық шеруі кезінде қауіпсіздік күштері ер адамды атып өлтірді.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, бейсенбіде көпшілігі шииттерден тұратын шерушілер ел астанасы Манама маңындағы жолды жауып, полицияға жарылғыш зат пен тас лақтырған. Полиция оған жауап ретінде оқ атып, көзден жас ағызатын газ қолданған.

Бахрейн 2011 жылдың ақпанында сүнниттердің билікті меншіктеп алуына қарсылық танытқан шииттердің наразылықтары басталғалы бері саяси тұрақсыздықты бастан өткеріп келеді. Қауіпсіздік күштері шерушілерді басып-жаныштағанымен, наразылықтар қайта жалғасып жатыр.

Бұл қақтығыстар оппозиция мен үкімет арасындағы бейбіт келіссөздерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Себебі 2011 жылы шілдеде үзіліп қалған келіссөздер өткен жексенбіде қайта жалғасқан еді.

Бахрейнде АҚШ-тың бесінші флоты орналасқан.
XS
SM
MD
LG